Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары және салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сызбанұсқасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/4-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 3721 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 5С-23/6-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 07.03.2014 № 5С-23/6-14 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Салық салу мақсаттары үшін Ерейментау қаласы бойынша аймақтарға бөлу сызбанұсқасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Аталған жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары автотұрақтарға (паркингтер) және жанар-жағар май құю станцияларына бөлінген жер учаскелеріне қолданылмайды.
      3. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау қаласының жерін аймақтандыру сызбанұсқасын және жер учаскелерінің салық салу мақсатына арналған кадастрлық (бағалау) құнының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 наурыздағы № С-16/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 1-9-5 болып тіркелген, 2005 жылғы 7 мамырында "Ереймен" аудандық газетінде, 2005 жылғы 7 мамырдағы "Ерейментау" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрайымы                                   Н.Парфенова

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі                 А.Қалжанов

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің
      Салық комитеті Ақмола
      облысы бойынша Салық
      департаментінің Ерейментау
      ауданы бойынша Салық
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Ахметуллин

Ерейментау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы   
№ 5С-13/4-13 шешіміне    
1 қосымша          

Ерейментау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы   
№ 5С-13/4-13 шешіміне    
2 қосымша          

Салық салу мақсаты үшін Ерейментау қаласы аумағының аймақ шекараларының мінездемесі

№ р/р аймақтар

Аймақ шекаралары

I-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Аманжол Әлжанов көшесімен, батыстан Мира көшесімен, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

II-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Мира көшесімен, батыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

III-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық шығысында орналасқан. Солтүстіктен Кенесары Қасымов көшесімен, шығыстан Зеленый хутор көшесімен, батыстан Аманжол Әлжанов көшесімен, ал оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

IV-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен темір жолдармен, батыстан Зеленый хутор көшесімен, оңтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін, ал шығыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

V-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстіктен темір жолдармен, батыстан II өндірістік аймақпен, шығыстан III өндірістік аймақпен, ал солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

VI-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Батыстан, солтүстіктен және шығыстан III өндірістік аймақпен, ал оңтүстіктен темір жолдармен шектескен

VII-т

Тұрғын үй аймағы Ерейментау қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстіктен темір жолдармен, батыста, солтүстікте және шығыста III және IV өндірістік аймақтармен шектескен

I-ө

Өндірістік аймақ созылыңқы пішін үйлесімімен Ерейментау қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстікте темір жолдармен, оңтүстікте Кенесары Қасымов көшесімен, шығыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін, батыста IV тұрғын үй аймағымен шектескен

II-ө

Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Шығыста V тұрғын үй аймағымен, оңтүстікте темір жолдармен, солтүстік және батыста Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

III-ө

Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстікте VI тұрғын үй аймағымен, батыста V тұрғын үй аймағымен, шығыста VII тұрғын үй аймағымен, солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

IV-ө

Өндірістік аймақ Ерейментау қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. VII тұрғын үй аймағымен, оңтүстікте, шығыста, солтүстікте Ерейментау қаласының шекарасына дейін шектескен

Ерейментау аудандық мәслихатының
2013 жылғы 27 наурыздағы   
№ 5С-13/4-13 шешіміне    
3 қосымша          

Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (төмендету) пайыздары

Аймақ нөмірлері

Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (+), төмендету (-) пайыздары

I-т

+ 40

II-т

+ 20

III-т

+ 20

IV-т

0

V-т

0

VI-т

0

VII-т

0

I-ө

+ 20

II-ө

0

III-ө

0

IV-ө

-10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады