Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 13-120 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 мамырда № 3746 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 34-274 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 13.01.2015 № 34-274 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-184 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда "Зеренді" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің атауы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын:
      "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағындағы "Ережесі" сөзі "қағидасы" сөзіне ауыстырылсын;
      аталған шешіммен бекітілген Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
      барлық мәтін бойынша мемлекеттік тілдегі "Ереже" сөзі "қағида" сөзіне ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "отбасыларға (азаматтарға)" сөздерінің алдында "аз қамтылған" сөзімен толықтырылсын;
      17 тармақтың 2 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға белгілеген 11 % (пайыз) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса.";
      21 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            П.Ольферт

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады