РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 212 қорытындысы негiзiнде Сандықтау ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.С.Омаровқа жүктелсiн.
3. Аудан әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ А-4/123 қаулысына
қосымша
Сандықтау ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/р |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері |
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері |
1 |
Орташа кеш жаздық бидай |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
2 |
Орташа піскен жаздық бидай |
17 мамырдан 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
3 |
Орташа ерте жаздық бидай |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
31 мамырға дейін |
4 |
Жаздық арпа |
29 мамырдан 7 маусымға дейін |
8 маусымға дейін |
5 |
Сұлы |
27 мамырдан 3 маусымға дейін |
4 маусымға дейін |
6 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 4 маусымға дейін |
5 маусымға дейін |
7 |
Асбұршақ |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
8 |
Нұт |
17 мамырдан 22 мамырға дейін |
23 мамырға дейін |
9 |
Жасымық |
17 мамырдан 26 мамырға дейін |
27 мамырға дейін |
10 |
Рапс |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
11 |
Күнбағыс майлы тұқымға |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
12 |
Майлы зығыр |
18 мамырдан 28 мамырға дейін |
29 мамырға дейін |
13 |
Бір жылдық шөптер |
17 мамырдан 5 маусымға дейін |
6 маусымға дейін |
14 |
Судан шөбi |
20 мамырдан 25 мамырға дейін |
26 мамырға дейін |
15 |
Көп жылдық дәндi және ағымдағы жылдың бұршақты шөптерi |
17 мамырға 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
16 |
Жүгері сүрлемге |
17 мамырдан 27 мамырға дейін |
28 мамырға дейін |
17 |
Картоп |
20 мамырдан 28 мамырға дейін |
29 мамырға дейін |
18 |
Көкөнiстер |
17 мамырдан 15 маусымға дейін |
16 маусымға дейін |