Балкашин селолық округінің Петровка ауылы аумағына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин селолық округі әкімінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қарашада № 3900 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин селолық округі әкімінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашин селолық округі әкімінің 28.12.2013 № 3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 796 ұсынысына сәйкес, Балкашин селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ньюкасл құс ауруының шығуына байланысты, Балкашин селолық округінің Петровка ауылы аумағына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балкашин селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 Р.Жұманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады