Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/230 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қарашада № 3889 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № А-2/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № А-2/41 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы әкімдігінің "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 болып тіркелген, аудандық "Өрлеу" газетінде 2012 жылғы 22 қыркүйекте және аудандық "Вести" газетінде 2013 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады