Шортанды ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № А-2/41 қаулысы

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
      Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қазандағы № А-2/277 қаулысы "Шортанды ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2011 жылғы 19 қарашадағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған);
      Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 қаулысы "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыc орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3443 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2012 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған);
      Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қазандағы № А-9/230 қаулысы "Шортанды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № А-6/295 "Шортанды ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3889 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Вести" газетінде жарияланған, 2013 жылғы 30 қарашадағы аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады