Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 02 наурыздағы № С-31/1 "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С/14-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 сәуірде № 3710 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-35/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 22.10.2014 5С-35/8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, "Бурабай және Жақсы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір селоларын басқа қоныстар категориясына көшіру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № А-5/217 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 4С-33-8 шешімі негізінде Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 02 наурыздағы № С-31/1 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-195 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 наурызда аудандық "Бурабай" газетінде, 2011 жылғы 24 наурызда аудандық "Луч" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      Бурабай аудандық мәслихаттың аталған шешімінің қосымшасындағы № 8 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХІV сессиясының төрағасы                   Н.Туманов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі                    Ә.Ғазиз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады