РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiмен сәйкестендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңының 1 бабы 34 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бурабай ауданы әкімдігінің «Бурабай ауданында 2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3639 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпандағы аудандық «Луч» және «Бурабай» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесінде «Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына» сөздері «Заңына» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі Н. Нұркенов