"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 179 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 3720 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 4-тармағының 201) тармақшасына сәйкес, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің № 1-2 жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ кестесiнiң 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Д. ЕСПАЕВА
      Облыстық мәслихаттың хатшысы C. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады