Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 23 "Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 23 ақпанда № 3-4-139 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурызда "Жем Сағыз" аудандық газетінің № 10(7110) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Аққұл |