Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 20 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 3533 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 221 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 25.09.2013 № 221 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бiрлесе отырып (келiсiмi бойынша), сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар тiзiмi 2 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      3. Селолық округ әкiмдерi үгiттiк баспа материалдарын барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайларды беру шарттарының бiрдей және тең болуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А. Туртаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                               М. ДУАНБЕКОВ

      Келісілді:
      Ырғыз аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы                                    Ж. ӘУЕСОВ

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
29 қаңтардағы № 20 қаулысына
1 қосымша

Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа
материалдарын орналастыратын орындардың тiзбесi

№ р/с

Мекен-жай

1.

Ырғыз селосы:
«Ырғыз аудандық почта байланыс торабы» мекемесі ғимараты
- тақта
Т. Жүргенов және Қ. Қойыртбаев көшелерінің қиылысы -
тақта

2.

Ырғыз селолық округі:
Ақши селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Қалыбай селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Қалалыкөл селосы, Қалалыкөл негізгі мектебі жанындағы
кіші орталық - тақта

3.

Аманкөл селолық округі:
Құтикөл селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Аманкөл селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Жарма селосы, Нарқызыл негізгі мектебі жанындағы кіші
орталық - тақта

4.

Қызылжар селолық округі:
Құрылыс селосы: Қызылжар дәрігерлік амбулаториясының
ғимараты - тақта Жаныс би селосы: «Тепсең» медициналық
пунктінің ғимараты - тақта
Шеңбертал селосы: «Шаттық» балабақшасы ғимараты алдындағы - тақта

5.

Құмтоғай селолық округі:
Құмтоғай селосы, Құмтоғай дәрігерлік амбулаториясының
ғимараты - тақта
Қарасай селосы, фельдшерлік пункт ғимараты - тақта
Қарақұдық селосы, фельдшерлік пункт ғимараты - тақта

6.

Нұра селолық округі:
Нұра селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Мамыр селосы, селолық клуб ғимараты - тақта
Дүкен селосы, Дүкен негізгі мектебі жанындағы кіші
орталық - тақта
Белшер селосы, селолық клуб ғимараты - тақта

7.

Тәуіп селолық округі:
Құйлыс селосы, «Балбөбек» бала-бақшасының ғимараты -
тақта
Қаракөл селосы, фельдшерлік пункт ғимараты - тақта

8.

Жайсаңбай селолық округі:
Жайсаңбай селосы, медициналық пункт ғимараты - тақта

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
29 қаңтардағы № 20 қаулысына
2 қосымша

Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу өткiзу үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар
тiзiмi

№ р/с

Мекен-жай

1.

Ырғыз селосы:
«Арай» мәдениет үйі

2.

Ырғыз селолық округі:
Ақши селосы: Ақши селолық клубы
Қалыбай селосы: Қалыбай селолық клубы
Қалалыкөл селосы: Қалалыкөл негізгі мектебі

3.

Аманкөл селолық округі:
Құтикөл селосы: Құтикөл селолық клубы
Аманкөл селосы: Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектеп
Жарма селосы: Нарқызыл негізгі мектебі

4.

Қызылжар селолық округі:
Құрылыс селосы: «Мәні» мәдениет үйі
Жаныс би селосы: Темірастау орта мектебі
Шеңбертал селосы: Шеңбертал орта мектебі

5.

Құмтоғай селолық округі:
Құмтоғай селосы: Құмтоғай селолық клубы
Қарасай селосы: Қарасай селолық клубы
Қарақұдық селосы: Қарақұдық негізгі мектебі

6.

Нұра селолық округі:
Нұра селосы: Нұра селолық клубы
Мамыр селосы: Мамыр селолық клубы
Дүкен селосы: Дүкен негізгі мектебі
Белшер селосы: Белшер селолық клубы

7.

Тәуіп селолық округі:
Құйлыс селосы: Құйлыс селолық клубы
Қаракөл селосы: Қаракөл бастауыш мектебі

8.

Жайсаңбай селолық округі:
Жайсаңбай селосы: Жайсаңбай селолық клубы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады