Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы № 238 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қарашада № 3664 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 04.02.2014 № 49 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарлардың пайдалану Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Х.Мақашқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Р.Сыдыков

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
5 қарашадағы № 238
қаулысымен БЕКІТІЛДІ

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Қараусыз қалған жануарлар аудандық коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.

2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану

      3. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп есепке алу және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысымен тиісті әкім қабылдау-беру актісі негізінде аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Есепке алу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Аудандық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға «Қарғалы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қаржы бөлімі) келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.
      6. Жануарларды уақытша күтiмге алатын тұлғаларды анықтау кезiнде мiндеттi түрде жануарларды күтімге алу үшiн қажеттi жағдайы (жануарлар үшін арнайы орын-жайы, табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған жабдықтары, оларға күтім жасау тәжірибесі) болуы ескерілуі қажет.
      7. Жануарларды бағу мен пайдалануға берiлген жеке немесе заңды тұлғалар, жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
      8. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары «Қарғалы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
      9. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату.
      10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі-комиссия) жануарлар уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

3. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртібі

      11. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесi жануарларға құқық белгілейтін құжаттары және осы жануарлардың оған тиесілілігі туралы, немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде - тиісті жергілікті атқарушы органымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттары бойынша, сонымен қатар сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
      12. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      13. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.
      14. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм – шартпен рәсiмделедi.

4. Қорытынды ережелер

      15. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады