Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 сәуірде № 3555 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 06 қаңтардағы № 01 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 06.01.2015 № 01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қобда ауданының барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарда, мекемелерде және кәсiпорындарда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мүгедектерді, қылмыстық – атқару инспекциясының пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін квотаға сәйкес жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Елеусіноваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкіміА. Жүсібалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады