2013 жылы денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 77 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 сәуірде № 3562 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 11.07.2013 № 101 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қобда ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының            Аудандық мәслихатының
            төрағасы                        хатшысы

            А.Клютов                    Л.Исмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады