Қобда ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 127 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 3764 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 шілдедегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 02.07.2016 № 32 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Қобда ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттыңхатшысы
      К.Мусагалиев Л.Исмағамбетова

  Қобда аудандық маслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 127 шешімімен бекітілді

Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысының 2 тармағына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар;
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімдігінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының Қобда аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалар Қобда ауданы аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
      5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Біржолғы әлеуметтік көмек алушыларға, мәртебесіне сәйкес жылына бір рет төменде көрсетілген атаулы және мереке күндеріне орай көрсетіледі:
      9 мамыр – Жеңіс күніне;
      1 маусым – Балаларды қорғау күніне;
      қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күніне.
      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың атқарушы органдары бекітетін Ережелердің және орталық атқарушы органдармен бекітілген арнайы және учаскелік комиссиялар туралы Үлгілік ережесі негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа санаттары;
      5) зейнет жасына жеткен тұлғалар;
      6) мүгедектер, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
      7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
      8) көпбалалы отбасылар;
      9) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері;
      10) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
      11) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтар, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастар.
      Әлеуметтік көмек жоғарыда аталған тұлғаларға мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болмаған жағдайда көрсетіледі.
      10. Өмірлік қиын жағдай туындағанда әлеуметтік көмектің межелі мөлшерлері:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
      5) зейнет жасына жеткен тұлғаларға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      6) мүгедектер, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
      8) көпбалалы отбасыларға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      10) аз қамтылған азаматтарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
      11) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.
      11. Өрт салдарынан немесе табиғи зілзаланың салдарынан не оның мүлкіне зиян келтірілгенде не әлеуметтік маңызы бар ауруы болғанда, әлеуметтік көмек өтініш беру негізінде көрсетіледі, егер өтініш өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай мерзімнен кейін уақыттан соң жасалмаған болса.
      Азаматтарға өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен басқасы).
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін өмірлік қиын жағдай туындағанда, әлеуметтік көмек табысын ескермей көрсетіледі.
      12. Әлеуметтік көмектің тағайындалған бір түрі бір жыл мерзім ішінде қайталай көрсетілмейді.
      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) Қобда аудандық мәслихатының ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандығы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      13. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрcету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты
      3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/ немесе құжатты ұсынады.
      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл,ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажетілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қортындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден кент, ауыл, ауылдық округтың әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда, негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      26. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексізідігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Қобда аудандық мәслихаты белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған шегінде жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      29. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Қобда ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      30. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

8. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады