Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.12.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-119 санымен тіркелген, 2010 жылы 21 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінің № 17 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
1 тармақтың 1) тармақшасының бесінші азат жолы;
2 тармақтың екінші және үшінші азат жолдарындағы ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына" сөздері;
3 тармақта "тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін," сөздері;
10 тармағындағы ", тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына" сөздері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Г.Жұмабаева | С.Салықбаев |