Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Темір аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-123 санымен тіркелген, "Темір" газетінің 2010 жылғы 12 наурызда № 12 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімдегі қосымша осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. ҚОҚАНОВ | Н. ӨТЕПОВ |
Темір аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешіміне қосымша Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 шешімімен бекітілді |
Темір ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау Қағидасы
1. Жалпы ережелерОсы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидада мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) тұрғын үй көмегі – келесі шығыстар сомасын төлеуге шығындарды ішінара өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек:
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай (пәтер) жалдаушы (қосымша жалдаушы) болып табылатындарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына;
жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын, жеке үйлерде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
3) телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы - 2004 жылдың қыркүйегінде қолданыста болған абоненттік төлемақы мен қолданыстағы абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуінің шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;
4) өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш берген адам;
5) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
6) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Тұрғын үй көмегі Темір ауданында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес шығыстар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнының шығыстары осы мақсаттарға шекті үлесінен асқан жағдайда беріледі.
Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газды) тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін, азайту ретінде қолма-қол емес түрде беріледі. Белгіленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметін тұтынғаны, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
4. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтіп-ұстау шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы жөніндегі әлеуметтік норманы есептеу кезінде барлық меншік түріндегі тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының бір адамға 18 ш.м (жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 ш.м), бірақ тұрғын жайдың іс жүзінде алып отырған пайдалы алаңынан көп емес пайдалы алаңның әлеуметтік нормасы қолданылады.
5. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар, бірақ белгіленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
6. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.
7. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома заңда белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін өтініш берген күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін мерзімде жүргізіледі. Өтініш берген айы деп құжаттармен бірге өтініш тапсырған айы есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегі отбасы құрамы, іс жүзінде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемі, отбасының жиынтық кірісі, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарына, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындары көрсетілетін меншік иесінің, жалдаушының (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады.
10. Азаматтардың табысы жөніндегі мәліметтерді тізімдер немесе электрондық тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді есептеуді және аударуды жүргізетін аудандық ұйымдар тоқсан басында бір рет растайды.
11. Тұрғын үй көмегін алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш жасаған кезде өкілетті органға тапсырылатын құжат негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
12. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
13. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін, телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігіндегі байланыс қызметтері, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатының бір фазалық есептегішінің құны, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы үшін меншік иесінің, жалға алушының (жалдаушының) төлемақы сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және іс жүзіндегі шығындар сомасынан артық болуы мүмкін емес.
14. Берілген өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша екі данада келісім-шарт жасалады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екіншісі – уәкілетті органда сақталынады.
15. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
16. Берілген ақпараттың растығына күдік туындаған жағдайда уәкілетті орган өтініш иесінің тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге, тиісті ұйымдардан табысы туралы ақпарат сұрауға, табысын жасырған деректі анықтауға құқылы.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
17. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Телефон үшін абоненттік төлемақы, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы тарифтерінің және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының өсуіне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерін көрсете отырып, ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің немесе оның өтініші негізінде банк операцияларының тиісті түріне ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.