Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық поселкелік округінің әкімінің 3.07.2013 № 149 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27 бабтарына сәйкес, Темір аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Темір ауданы Шұбарқұдық кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шұбарқұдық кенттік округіндегі Шұбарқұдық кентінде ірі қара мал басы арасынан қатерлі ісік жұқпалы ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс шараларын енгізіп карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Шұбарқұдық кенттік округінің бас маманы-ветеринарға қатерлі ісік жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу және оны жоюдың шараларын алсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шұбарқұдық кенттік округінің әкімінің орынбасары С. Төлеуовқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шұбарқұдық поселкелік
округінің әкімі Б. Ізбасов