Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 157 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әр балаға тоқсан сайын тоғыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаевқа жүктелсiн.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Ж.Қамбаров Б.Бисекенов