Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы № 119 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада № 3689 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру аудандық бюджеттің шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Ж. Қамбаров
      Аудандық мәслихат
хатшысы:
Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады