Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 233 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 3-11-148 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ойыл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Р. Оралбаева
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Б. Бисекенов

  Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 233 шешіміне қосымша

Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы № 119 "Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген, 2013 жылдың 5 желтоқсанында аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);

      2. Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 51 "Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 119 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5077 болып тіркелген, 2016 жылдың 29 қыркүйегінде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 181 "Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы № 119 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-128 болып тіркелген, 2018 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі бақылау банкінде жарияланған);

      4. Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 160 "Ойыл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-118 болып тіркелген, 2018 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады