Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы № 113 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада № 3690 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 212 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-13-138 санымен тіркелген, 2010 жылы 8 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінің № 41 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітілсін".;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ережесін, ережелері, ережелер, ережелерде, ережелерінде, ережелерімен" сөздері "қағидасын, қағидалары, қағидалар, қағидаларда, қағидаларында, қағидаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:

      3 тармақтың 6 абзацы;

      4 тармақ бірінші абзацындағы "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М. Жиенгазина
      Аудандық мәслихаты хатшысының
міндетін уақытша атқарушы
Ә. Әбдіғапарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады