РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау ережесін бекіту туралы" N 221 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3 мамырдағы "2013 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы кейбір мәселелер жөнінде" N 122 қаулысына (2013 жылдың 15 мамырдағы N 2357 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2013 жылдың 23 мамырдағы "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінің N 62 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Досымбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
3 желтоқсандағы N 374 қаулысына
1 қосымша "2013 жылғы өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруды субсидиялау
туралы кейбір мәселелер жөнінде"
облыс әкімдігінің 2013 жылғы 3
мамырдағы N 122 қаулысына өзгерту
енгізу туралы
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
3 мамырдағы "2013 жылғы өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
және сапасын арттыруды субсидиялау
туралы кейбір мәселелер жөнінде"
N 122 қаулысына 3 қосымша
2013 жылға аудандар бойынша субсидия көлемі
Аудандар мен қалалар |
Барлық бөлінген көлем, мың теңге |
Ақсу |
40 782,7 |
Алакөл |
90 517,4 |
Балқаш |
124 404,5 |
Еңбекшіқазақ |
138 167,1 |
Ескелді |
114635,0 |
Жамбыл |
66 904,5 |
Іле |
74 415,5 |
Қарасай |
33 113,1 |
Қаратал |
74 632,5 |
Кербұлақ |
50 597,3 |
Көксу |
63010,1 |
Панфилов |
117 876,0 |
Райымбек |
16 864,8 |
Сарқан |
110 530,8 |
Талғар |
44 765,5 |
Ұйғыр |
36 868,0 |
Қапшағай қаласы |
61 893,6 |
Талдықорған қаласы |
9 054,2 |
Текелі қаласы |
20 201,4 |
Облыс бойынша барлығы |
1 289 234,0 |