Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласында және Рудничный кентінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтардың, сондай-ақ оқу орындарынан шығаралған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке кезекті кезекті шақыру Қарабұлақ кенті Строительная көшесі, 13-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы 2013 жылдың сәүір - маусымында және қазан – желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қалалық әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің бірі сырқаттан немесе басқа да дәлелді себептермен болмаған жағдайға азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін қалалық әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Рудничный кентінің әкімі С.Д. Вишняков 2013 жылдың сәуі-маусымында және қазан – желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскерге шақырушыларды хабардар етіп, олардың шақыру учаскесіне уақытылы келуін ұйымдастырсын.
6. Текелі қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Р. Т. Чарапиев (келісім бойынша) құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүзеге асырсын, азаматтарды әскери қызметке әскерге шақыру және әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелту кезенінде қоғамдық тәртіптіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
7. Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 18 сәуірінде 2-3-111 нөмірімен тіркелген, "Текелі тынысы" газетінің 2012 жылы 20 сәуірдегі 16(3071) нөмерінде жарияланған Текелі қаласы әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 85 "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары С.Б Лепесовке жүктелсін.
Текелі қаласының әкімі | Қ. Айтжанов |