Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 18.03.2013 № 74 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласында және Рудничный кентінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты азаматтардың, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы Қарабұлақ кенті Строительная көшесі, 13-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін қалалық әскерге шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Рудничный кентінің әкімі Сергей Дмитриевич Вишняков 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскерге шақырушыларды хабардар етіп, олардың шақыру учаскесіне уақтылы келуін ұйымдастырсын.
5. Текелі қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғазиз Аукенұлы Нұрқаев (келісім бойынша) құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүзеге асырсын, азаматтарды әскери қызметке әскерге шақыру және әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 8 сәуірінде 2-3-93 нөмірімен тіркелген, "Текелі тынысы" газетінің 2011 жылғы 22 сәуіріндегі 16(3019) нөмірінде жарияланған, Текелі қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 67 "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы Лепесовке жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Қ. Айтжанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Алматы облысы Ескелді | |
ауданының қорғаныс | |
істері жөніндегі бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Асан Уахитұлы Қанағатов |
27 наурыз 2012 жыл | |
"Текелі қаласы қалалық | |
ауруханасы" мемлекеттік | |
қазыналық кәсіпорнының | |
бас дәрігері | Ләйлә Омарханқызы Төлеуханова |
27 наурыз 2012 жыл | |
Текелі қалалық ішкі | |
істер бөлімінің бастығы | Ғазиз Аукенұлы Нұрқаев |
27 наурыз 2012 жыл
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін қалалық әскерге шақыру
комиссиясының құрамы:
Сері Болысбайұлы Лепесов - Текелі қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Асан Уахитұлы Қанағатов - Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы;
Комиссия мүшелері:
Марат Сәулетайұлы Түсүпбеков - Текелі қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Айна Құсайынқызы Тілеукенова - "Текелі қаласы қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы;
Майгүл Иркашкызы Тен - "Текелі қаласы қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
N | Жөнелту орны | Барлығы | Шақырылушылардың саны (топ бойынша) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Текелі қаласы | 214 | 50 | 50 | 50 | 30 | 20 | 14 |
2 | Рудничный кенті | 11 | 11 | |||||
3 | Қорытындысы | 225 | 50 | 50 | 61 | 30 | 20 | 14 |