Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 28.07.2020 № 62-277 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғарғы айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | |
мәслихат хатшысы | С.Серпербаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ақсу аудандық экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Жандосова Гүлнара Жандосқызы |
22 қаңтар 2013 жыл