Райымбек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы "Райымбек ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы N 41 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 09 сәуірде N 2340 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 264 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Райымбек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы "Райымбек ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 8 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 10 ақпанында N 2-15-112 болып тіркелген, аудандық "Хан тәңірі" газетінде 2012 жылдың 25 ақпанында N 9 (7715) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Райымбек ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
      аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "1.Меншік түріне қарамастан Райымбек ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байедилов Талғат Ескендірұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Медеуов
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Райымбек аудандық жұмыспен
 
қамту және әлеуметтік
 
бағдарламалар бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің
 
бастығы
Зыкаев Халык Сансызбаевич

      
      18 наурыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады