Сарқан ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 желтоқсандағы N 27-141 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментімен 2013 жылы 06 желтоқсанда N 2486 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 01.02.2021 № 3-11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарына дейін қолданыста болады.

Сарқан аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

Б. Нұрахметов

Сарқан аудандық


мәслихат хатшысы

Қ. Абдрахманов

КЕЛІСІЛГЕН:


"Сарқан аудандық жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің


басшысы

Тертюбаев Оралбек Шәбденұлы

05 желтоқсан 2013 жыл


"Сарқан ауданының қаржы бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің


басшысы

Иманғалиева Элмира Елюбайқызы


      05 желтоқсан 2013 жыл

  Сарқан аудандық мәслихатының
2013 жылғы 05 желтоқсандағы
"Сарқан ауданындағы аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы"
N 27-141 шешіміне қосымша

Сарқан ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 1626 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

Жалпы ереже.

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Сарқан ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндеті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сарқан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушыларды (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген үй -жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.

      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.

      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, барлық топтағы мүгедектерді және бір айдан астам стационарлық емделудегі азаматтарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспайтын еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.

      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш береді және мынандай құжаттарды қоса ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы);

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.

      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырғанда өткен тоқсанның соңғы айының төлем түбіртектерін ұсыну қажет.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      8. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін төлеу және тағайындау бойынша құжаттарды уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізеді.

      9. Уәкілетті орган өтініштер қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.

      10. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.

      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі. (анықталған уақыттан).

      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша уәкiлеттi орган құжаттардың көшiрмелерiн тексерiп, оларды тiркеуден өткiзедi және өтiнiш берушiге құжаттарын қабылдағаны жөнiндегi растайтын құжат берiледi.

      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.

      13. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.

      14. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.

      15. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар ескеріледі:

      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон);

      2) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – бір айға 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға - 150 киловатт, 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 180 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;

      4) қатты отынды қолданатындарға: пеш жағатын тұрғын үйлерге – бір жылыту мерзіміне төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны от жағу кезеңіне;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр отбасы мүшесіне;

      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты.

      16. Көмірдің құнын есептеу үшін "Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.

Қаржыландыру және төлеу.

      17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      18. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды.

      19. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбiмен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады