РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырда № 74 "Ақжол" және 2007 жылғы 12 мамырда № 52 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
"Су айдындарының атауы" бағанасы:
1 жол: "Болатбек";
2 жол: "Жасөркен-1";
3 жол: "Бағдат, Кәріқорған-1";
6 жол: "Қашқантеңіз" сөздерімен толықтырылсын;
"Су айдындарының атауы" бағанасынан:
1 жолдағы: "Қарлығаш";
4 жолдағы: "Корейское";
5 жолдағы: "Маловодное";
8 жолдағы: "Қопал" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы міндетін атқарушы | К. Көкрекбаев |