2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1085 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2081 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелереі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
      2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г. Олжабаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 6 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      
      Қала әкімі                                 Б. Орынбеков

Тараз қаласы әкімдігінің
      2013 жылғы 09 желтоқсандағы
      № 1085 қаулысына қосымша

Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемі мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру (теңге)

2014 жыл

Сұраныс

Ұсыныс

1.

Тараз қаласы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша

37 320
жергілікті бюджет

300

260

2.

Тараз қаласы «Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру

Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша

37 320
жергілікті бюджет

15

15


Барлығы




315

275


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады