Байзақ ауданы № 3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде үй - жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 158 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 наурызда № 1895 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 401 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      сақталған.

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы  әкімдігінің 24.06.2013 жылғы № 401 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байзақ ауданы № 3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде № 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесе отырып Байзақ ауданы № 3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Кенжебаев Сағындық Жұмағұлұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                                М. Шүкеев

КЕЛІСІЛДІ:
Байзақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
А. Төлепбергенов
26 ақпан 2013 жыл

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
      27 ақпандағы № 158 қаулысына
      № 1 қосымша

Байзақ ауданы № 3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар 

Елді мекеннің атауы

Кездесу өтетін орын

1

Мәдімар ауылы

Наржанов көшесі № 2, ауылдық клуб

2

Жетібай ауылы

Төле би көшесі № 84, ауылдық клуб

3

Жаңатұрмыс ауылы

Жаңбырбай көшесі № 33, Жаңатұрмыс орта мектебінің мәжіліс залы

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
      27 ақпандағы № 158 қаулысына
      № 2 қосымша

Байзақ ауданы № 3 Жалғызтөбе сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Жетібай ауылы

Жамбыл көшесі № 10 және Төле би көшесі № 86 мекен – жайдағы қалқаншалар

2

Аққия ауылы

Өміртай көшесі № 16 мекен – жайдағы қалқанша

3

Жаңатұрмыс ауылы

Жаңатұрмыс орта мектебі аумағындағы қалқанша

4

Мәдімар ауылы

Сейдалиев көшесі № 5 мекен - жайдағы қалқанша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады