Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 24-7 шешімішен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Жуалы аудандық мәслихатының 11.11.2013 № 22-5 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
«табысы аз отбасыларына (азаматтарға) деген сөздер «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылды - Жуалы аудандық мәслихатының 11.11.2013 № 22-5 (жарияланғаннан кейін он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғындардың денсаулығы және қоршаған ортаны, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау, ұлттық мәдениетті, ұлтаралық және азаматтық келісімді дамыту, білім, жастар ісі, спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысының міндетін
Е. Мұғалов атқарушы
Қ. Сыдығалиев
Жуалы аудандық мәслихатының
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 15-7 шешімімен бекітілген
Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, кәрізді, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
өтініш иесі (жеке тұлға)- жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тұлға;
уәкілетті орган – «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жуалы ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
3-1) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына;
3-1. Жуалы ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электір энергиясының шығының саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абонеттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп -ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
5. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерінің тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.
6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және «Тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
9. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандайда болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес деп есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.
10. Тұрғын үй көмегінің заңсыз алынған сомалары алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екі және одан да көп адамды отбасына– отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормалары (айына):
Бірден екі адамға дейінгі отбасына - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
үш және одан да көп мүшелі отбасына – 200 киловатт;
3) газ нормалары ( айына):
газ жылыту пеші бар болғанда – 7,88 текше метр (1 шаршы метрге);
газбен ас дайындау пеші бар болғанда – 22 текше метр (отбасының әрбір мүшесіне);
сұйытылған газ шығыны – 8,2 кг (отбасының әрбір мүшесіне);
4) қатты отын шығындарының нормасы жылыту мерзіміне – 75,75 килограмм (тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) 1 шаршы метріне).
Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
12. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші денгейдегі банктер арқылы, алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.
4. Қорытынды қағидалар
13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.