Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 02.09.2020 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Жуалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсiн.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Ергебеков |