Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау және Талапты ауылдары аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 26 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 тамызда № 1995 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы  сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 06-02/63 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ мүйізді малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау және Талапты ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Сарсенбек Сатыбалдиевич Ермекбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округ әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Ақділдаев

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Жуалы аудандық
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.А. Бүркітбаев
30 шілде 2013 жыл

«Жуалы ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Искаков
30 шілде 2013 жыл

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Ошанов
30 шілде 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады