Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 510 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қыркүйекте № 2010 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2016 жылдың 9 маусымдағы № 234 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 09.06.2016 № 234 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Меркі ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыс орындарының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Төленді Беделбайұлы Рысқұлбековке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады