Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 24-5 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 12-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1929 болып тіркелген, 2013 жылдың 15 мамырында № 39 «Меркі тынысы-Меркенский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған шешімнің қосымшасының 2 тармағы «газбен жабдықтауды» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Рашид Аблешұлы Нұралбековқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Б. Жексембиев І. Ахметжанов