Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 10.06.2014 № 30-5 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-140 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 шілдедегі № 63 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «табысы аз отбасыларына (азаматтарға)» деген сөздер тиісінше «аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарының мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат |
Аудандық мәслихатхатшысының міндетінуақытша атқарушы |