"Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 13-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 сәуірде № 1913 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 25-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 31.03.2014 № 25-4 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1.«Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 8-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-11-130 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 74 «Шу өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 3 тармағы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
      «3-1. Шу ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      Оныншы тармақтағы төртінші тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуы аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Молдашева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                            Мәслихат хатшысы
      Қ. Сазаев                                  Б. Саудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады