Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі N 24/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 151 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 мамырда N 2325 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, бірлескен Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/01 қаулысын және Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 14/124 "Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы" шешімін қарастырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Соңынан оны есепті деректерден шығара отырып, Қарағанды облысы Балқаш қаласының Қонырат кенті таратылсын.
      2. Таратылған Қоңырат кенті Балқаш қаласының бағынысына берілсін.
      3. Бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.М. Мұхамбетовке және облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.В. Полещукке жүктелсін.
      4. Осы "Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

      Сессия төрағасы,
      Қарағанды облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады