"ІІ, ІІІ және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы N 29/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 2352 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 44/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 27.08.2014 № 44/02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы", 2012 жылғы 8 тамыздағы N 1033 "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы", 2012 жылғы 29 желтоқсанындағы N 1755 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2010 жылғы 26 қазанындағы N 1116 "Электрондық мемлекеттік қызметінің үлгі регламентін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті ұйымдастыру мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "ІІ, ІІІ және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы ""ІІ, ІІІ және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Б. Әбдішев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      Министрі
      А. Жұмағалиев
      31.05.2013 ж.

Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 22 мамырдағы
N 29/02 қаулысымен
бекітілген

"II, III және IV санат объектілеріне
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру"
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекет мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ мекенжайы www.e.gov.kz бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және мекенжайы www.elicense.kz бойынша "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы N 1033 "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекiтiлген "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттiк қызмет Стандарты, Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық мемлекеттік қызметінің үлгі регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 26 қазандағы N 1116 қаулысының негізінде және де Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексі N 212 "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" сәйкес көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа - алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет.
      5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану мен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
      2) бизнес сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);
      3) "Е-лицензиялау" веб-порталы - берiлген лицензиялардың қайта ресiмделген, тоқтаттырылған, қайта басталған және тоқтатқан әрекеттерi, сонымен бiрге лицензиаттармен берілетін лицензияның орталықтандырған сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру (түр тармағы) қызмет түрін орындайтын лицензиаттардың филиалдар, (объектiлер, тармақтар, бөлiмшелер) өкiлдiктерi туралы мәлiмет болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрi – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ);
      4) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға үшiн құрастырылатын бірегей нөмiр, соның iшiнде дербес кәсiпкерлiктiң түрiндегi қызмет орындайтын жеке кәсiпкер (бұдан әрі - ЖСН);
      5) "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өкілеттік шеңберінде мемлекеттік басқарма органдарына және өзге де субъектілерге олар туралы маңызды және сенімді мәліметтер беру және Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың сәйкестендіру бірлігін енгізу мақсатымен жеке сәйкестендiру нөмiрлерінің Ұлттық тiзiлiмін жасау, ақпаратты автоматизациялау жинағы, сақтау және өңдеу үшiн арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЖТ МДБ);
      6) "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өкілеттік шеңберінде мемлекеттік басқарма органдарына және өзге де субъектілерге олар туралы маңызды және сенімді мәліметтер беру және Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың сәйкестендіру бірлігін енгізу мақсатымен бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерінің Ұлттық тiзiлiмін жасау, ақпаратты автоматизациялау жинағы, сақтау және өңдеу үшiн арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЗТ МДБ);
      7) құрылымдық – функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, мекемелер немесе өзге де ұйымдар және ақпараттық жүйелер (бұдан әрі – ҚФБ);
      8) медиа-ажырау - қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электронды құжат айналымының кезектесуі, мұндайда құжаттардың электронды түрден қағаз түріне немесе керісінше алмасуы қажет;
      9) пайдаланушы - қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет беруші);
      10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      11) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      12) электрондық құжат – ақпарат электрондық - цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологиялардың қолданылуымен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
      14) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮП);
      15) "электрондық үкiметтiң" шлюзi – электрондық қызметтi iске асыру аясында "электрондық үкiметтiң" ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi – ЭҮШ);
      16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде
қызмет беруші іс-әрекетінің тәртібі

      6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекет N 1 диаграммасы) осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген:
      1) тұтынушы ЭҮП-те тіркелуді тұтынушы компьютерінің ғаламтор-браузеріне сақтап қойған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушымен ЭҮП енгізу (авторизациялау үдерісі), тұтынушының компьютеріндегі ғаламтор-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін қосу;
      3) 1-шарт – тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы ЭҮП тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушы нысанды толтыруы үшін сұраныс нысанын экранға шығару (деректерді енгізу) қажетті құжаттарды электрондық түрде сұраныс нысанына қосу;
      6) 4-үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт –ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (күші жойылған) тізімінде жоқтығын, сонымен қатар сәйкестендіру деректерінің сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестілігін тексеру;
      8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұраныс салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      10) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ электрондық құжатты (тұтынушының сұранысы) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрау салуды өңдеу;
      11) 3-шарт – қорытынды беру үшін тұтынушының негізге және біліктілік талабына сәйкестілігін қызмет берушімен тексеру;
      12) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-үдеріс - тұтынушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырылған қызметті көрсету нәтижесін алуы (ІІ, ІІІ және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру). Электрондық құжат қызмет беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.
      7. Қадамдық іс-әрекеттер мен шешімдер қызмет беруші арқылы (қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекет N 2 диаграммасы) осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген:
      1) 1 - үдеріс - электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет беруші қызметкерiнiң МДБ АЖ логин және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;
      2) 1 - шарт - логин және пароль арқылы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қызмет беруші тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2 - үдеріс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 – үдеріс – қызмет берушінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және тұтынушы деректерін қызмет беруші қызметкерімен енгізу;
      5) 4 - үдеріс – тұтынушы туралы сұранысты ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ жіберу;
      6) 2 - шарт – тұтынушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ деректерінің болуын тексеру;
      7) 5 - үдеріс – тұтынушының ЖТ МДБ/ЗТ МДБ деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - үдеріс – тұтынушымен берілген қағаз нысандағы құжаттардың болуы және қажетті құжаттарды қызмет беруші қызметкерімен сканерден өткізу туралы белгіленген бөлімдегі сұраныс нысанын толтыру және оны сұраныс нысанына қосу;
      9) 7 - үдеріс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұранысты тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қызмет көрсетуді өңдеу;
      10) 3 - шарт – қорытынды беру үшін тұтынушының негізге және біліктілік талабына сәйкестілігін қызмет берушімен тексеру;
      11) 8 - үдеріс - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - үдеріс - тұтынушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырылған қызметті көрсету нәтижесін алуы (II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру). Электрондық құжат қызмет беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін тұтынушы қағаз тасымалдағыштағы құжаттар пакетін қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы ұсынады.
      8. "Е-лицензиялау" веб-порталында сұраныс нысанын толтыру және қызмет көрсетуге жауаптар келтірілген www.elicense.kz.
      9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орындау мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-ның "Алынған қызметтер тарихы" бөлімінде, сондай-ақ ЖАО жолыққан кезде.
      10. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті саll–центрдің: (1414) телефоны бойынша алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ тізбесі:
      1) ЭҮП
      2) ЭҮШ
      3) "Е-лицензиялау" МДБ АЖ
      4) ЖТ МДБ/ЗТ МДБ
      5) қызмет беруші.
      12. Әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің, функцияларының, операцияларының) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген.
      13. Іс-әрекеттердің логикалық дәйектілігінің арасындағы (қызмет көрсету кезіндегі) өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграмма осы Регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.
      14. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
      3) қол жетiмдiлiк (ақпараттарды және ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау).
      16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      интернетке немесе ресурсқа қол жеткізу үшін қажетті өзге қондырғыға шығатын компьютердің, ұялы телефонның болуы.

"II, III және IV санат
объектілеріне мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысын беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

      1. Кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекет сипаттамасы

Іс әрекет N (жұмыстар барысы, ағыны)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

Тұтынушы

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімдің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЭЦҚ тіркеу куәлігін тұтынушының компьютеріндегі ғаламтор-браузерінде бекіту

Тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Қызметті таңдайды және сұраныс деректерін қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып қалыптастырады

Куәландыру үшін (сұранысқа қол қою) ЭЦҚ таңдау

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Сұраныстың сәтті қалыптастырылуының көрсетілуі

Сұранысты электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұраныстың сәтті қалыптастырылуының көрсетілуі

Сұранысты бағыттау

Орындалу мерзімі

10-15 сек

20 сек

1,5 мин

10-15 сек

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2 - егер тұтынушының деректерінде бұзушылық бар болса;
3 - егер авторизациялау сәтті өтсе

-

4

7 - егер ЭЦҚ қате болса;
8 - егер ЭЦҚ қатесіз болса

      кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

ЭҮП

Тұтынушы

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

ЭҮП

Тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Сұранысты ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою)

"Е-лицензиялау" АЖ-де электрондық өтінім құжаттың (тұтынушының сұранысы) тіркеу және "Е-лицензиялау" АЖ-де сұранысты өңдеу

"Е-лицензиялау" АЖ-де тұтынушының деректерінде бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (Қорытынды)

Сұраныс салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұранысты бағыттау

Өтінішке нөмір беру арқылы сұранысты тіркеу

Сұралған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Қорытынды

10-15 сек

1,5 мин

1,5 мин

-

1 айдан артық емес

-

-

10 - Қорытынды беру үшін тұтынушының негізге және біліктілік талабына сәйкестілігін қызмет берушімен тексеру

-

      2. Кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ іс-әрекет сипаттамасы

Іс-әрекеттің N (жұмыстар барысы, ағыны)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

Қызмет беруші

ЗТ МДБ

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамалары

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ авторизацияланады

Деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Қызмет беруші қызметкерінің қызметті таңдау

Тұтынушы туралы сұрау салуды тексеруге ЗТ МДБ жіберу

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Сұраныстың сәтті қалыптастырылуының көрсетілуі

Сұраныс салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұраныстың сәтті қалыптастырылуының көрсетілуі

Сұранысты бағыттау

Орындалу мерзімі

10-15 сек

10 сек

1,5 мин

1,5 мин

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

1 - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызмет беруші қызметкерінің логині мен паролі деректерінің түпнұсқалығын тексеру

-

4

5 - егер тұтынушының деректерінде бұзушылық бар болса;
6 - егер авторизациялау сәтті өтсе

      кестенің жалғасы

5

6

7

8

9

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ "

Қызмет беруші

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ"

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ

Деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Құжаттарды тіркеумен сұраныс нысанын толтыру

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қызмет көрсетуді өңдеу

"Е-лицензиялау" МДБ АЖ тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (Қорытынды)

Сұраныс салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұраныстың сәтті қалыптастырылуының көрсетілуі

Жүйеге өтінішке нөмір беру арқылы сұранысын тіркеу

Сұраныс салынатын электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Қорытынды

1,5 мин

10-15 сек

1,5 мин

-

1 айдан артық емес

-

-

8 - сұраныс бойынша деректер "Е-лицензиялау" МДБ АЖ жоқ болса;
9 - егер сұраныс бойынша деректер табылса

-

-

"II, III және IV санат
объектілеріне мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысын беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттік электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекет N 1 диаграммасы

Қызмет беруші арқылы мемлекеттік электрондық қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл N 2 диаграммасы

"II, III және IV санат
объектілеріне мемлекеттік экологиялық
сараптама қорытындысын беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметтің "сапалылық" және "қол жетімділік" көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнама түрі
________________________________________
(қызмет атауы)

      1. Сіз мемлекеттік электрондық қызмет көрсету үрдісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.
      2. Сіз мемлекеттік электрондық қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанбаймын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады