Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 35/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде N 2362 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі N 40/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 29.07.2014 N 40/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі

Б. Әбдішев

Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 10 маусымдағы 
N 35/10 қаулысымен    
бекітілді         

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) атқарушы мемлекеттік басқару органы – "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      2) аттестаттау – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
      3) аттестаттау туралы куәлік – агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік басқару функциясын орындауға өкілетті атқарушы мемлекеттік басқарушы органмен берілген, тұқым шаруашылығы саласында қызмет ететін аттестатталған субъектілерді мемлекеттің тануы туралы куәландыратын құжат;
      4) тұтынушы – тұқым шаруашылығы субъектiлерiнің мәртебесiн иеленуге үмiткер жеке және заңды тұлға.
      2. Осы мемлекеттік қызмет регламенті Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы заңнамалығына сәйкес әзірленген және "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейді.
      3. Мемлекеттік қызметті "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1-бабының 4)-тармақшасы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы "Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" N 1393 қаулысының;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы N 485 қаулысымен бекітілген "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті Қарағанды қаласы, Лобода көшесі 20, мекен- жайы бойынша демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Регламенттің 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды берген сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең көп жол берілген күту уақыты – 30 минуттан көп емес;
      3) құжаттарды алу кезінде ең көп жол берілген күту уақыты – 30 минуттан көп емес.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға тұтынушының осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмауы, немесе тұтынушының осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі негіз болып табылады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      Мемлекеттік қызметті алуға қажет құжаттар "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кеңсесіне тапсырылады.
      "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің лауазымды тұлғасы қабылданған құжаттарды қабылдауды, қарауды, бақылауға қоюды жүзеге асырады.
      Тұтынушыға сәйкес құжаттың қабылданғаны жөнінде келесі ақпарат жазылған қолхат беріледі:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттік қызметті алған күн (уақыт) және құжаттар берілген орын;
      5) өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      Жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен құрамы кемінде бес адамнан тұратын сараптамалық комиссия құрылады, комиссия тұтынушының аттестаттауға құжаттары түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді және орнына бару арқылы оның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі дәрежесін анықтайды.
      Осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық комиссия тексеру негізінде заңды немесе жеке тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру актісін жасайды.
      Сараптамалық комиссияның көпшілік дауыспен жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушіге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сай немесе сай емес екендігі туралы шешім қабылдайды.
      Сараптамалық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған сараптамалық комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
      Бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру туралы тұтынушының өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi өтініш түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
      Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған тұтынушыларға жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесi берiледi және осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлiк берiледi.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:
      1) осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;";
      ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін (тұқым өткізушілер бермейді). Бұл ретте жер учаскесін жалға беру шарты бойынша жалға беру мерзімі он жылдан кем болмауы тиіс;
      4) жеке және заңды тұлғаның осы Регламенттің 4-қосымшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
      5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, жұмыс өтілі) тапсырады.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің қызметкері;
      2) "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы;
      3) Комиссия мүшелері қатысады.
      13. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып әрбір ҚФБ-ның әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) сабақтастығы мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды сабақтастығы мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.
      15. Регламентте көзделгендерден басқа оларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс өзге нысандар, бланктер мен құжаттардың шаблондары қабылданбайды.

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым 
өткізушілерді аттестаттау"   
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша            

      N ___ аттестаттау туралы куәлік
       _____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
      ____________________________________________________________ берілді,
      оған ________________________________________________________________
       аты көрсетіледі)
      облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
      атқарушы органының 20 __ жылғы "__" ____________ N _______ қаулысымен
      _____________________________________________________________________
      (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бірегей тұқым
      _____________________________________________________________________
      өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді/көрсетіледі)
       тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату)
      жөнiндегi ___________________________________________________________
       (берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
      мәртебесi берiлді.
       Басшы ___________________________________________ _____________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
       Лауазымы ______________________________________________________
       Берiлген күнi: 20 __ жылғы "___" _______________
      М.О.
       20 __ жылғы "___" ___________________ дейiн жарамды.

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші көбейтілген 
тұқым өндірушілерді және тұқым 
өткізушілерді аттестаттау"   
мемлекеттік қызмет регламентіне 
2-қосымша            

Жеке және заңды тұлғалардың бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым өткiзушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн зерттеу актiсi

       20 ___ жылғы "___" ___________ N ____
       __________________________________________ облысының жергiлiктi
      атқарушы органының 20 __ жылғы "___" _____________ N _____ қаулысымен
      құрылған сараптамалық комиссия ______________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы немесе
      _____________________________________________________________________
      жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетіледі)
      _____________________________________________________________________
      (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны көрсетіледі)
      _____________________________________________________________________
      (бірегей тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді)
      тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн - тек тұқым сату)
      жөнiндегi ___________________________________________________________
       (берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
      мәртебесiне сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi туралы осы актiнi жасады.
      Зерттеу нәтижесiнде белгiлi болғаны:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      (бiлiктiлiк талаптарының әрбiр тармағы бойынша сәйкестiк дәрежесi көрсетiледi)
      Қорытынды:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       Комиссия төрағасы ___________ _________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
       Комиссия мүшелерi ___________ _________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
       ___________ _________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
       ___________ _________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)
       ___________ _________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым 
өткізушілерді аттестаттау"   
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша           

"Қарағанды облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы" бастығы
      ____________________________ Т.А.Ә.
      ___________________________________
      (заңды тұлғаның толық атауы,
      жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Өтініш

       Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргiзудi және ________________
      _____________________________________________________________________
       (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң аты, сорты)
      тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату)
      жөнiндегi ___________________________________________________________
       (берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
      мәртебесiн берудi сұраймын.
      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер:
       1. Меншiк нысаны ______________________________________________
       2. Құрылған жылы ______________________________________________
       3. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi немесе жеке тұлғаның жеке куәлiгi _______________________________________________
       (N, кiм және қашан бердi)
       4. Мекен-жайы: _______________________________________________
      _____________________________________________________________________
      (индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үйдiң N, телефоны, факсы, e-mail)
       5. Басшының Т.А.Ә. ____________________________________________
       6. Банкiлiк реквизиттер _______________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      (СТН, МФО, есеп-шоты N, банкiнiң атауы және тұрған жерi)
       7. Қоса берiлiп отырған құжаттар: _____________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       (бiлiктiлiк талаптарға сәйкес)
       Басшы _________________ _________________________________
       (қолы) (Т.А.Ә.)
      М.О.
       20 ___ жылғы "___"_________________
       Өтiнiш қарастыруға 20 ___ жылғы "___" __________ қабылданды. _____________________________________________________________________
       (өтiнiш қабылдаған жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым
өткізушілерді аттестаттау" 
мемлекеттік қызмет регламентіне
4-қосымша           

Бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптар мыналарды қамтиды:
      1) бірегей тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндіруді жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
      2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін, ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      3) жалпы егіс алаңының 30 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      4) бірегей тұқым өндірісі (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша 6 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
      5) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
      6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс;
      7) дақыл жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірегей тұқым өндірісі бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға шарттың болуы;
      8) кемінде бір агроном-тұқымшының және әр дақыл бойынша маманның сондай-ақ, дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі жұмыстың ерекше әдістерін меңгерген техникалық персоналдың кемінде үш адамының болуы;
      9) дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндірісін қамтамасыз ету;
      10) кейіннен элиталық тұқым өндірісін қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы;
      11) мынадай:
      бастапқы буындардың негізін қалау үшін - 100 пайыз;
      суперэлита үшін - 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы;
      12) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
      13) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
      14) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдардың аттестаты) есеп жүргізу;
      15) сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
      16) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету.
      2. Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптар мыналарды қамтиды:
      1) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      2) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
      3) жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      4) соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы;
      5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы;
      6) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы;
      7) тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4-тен көп болмауы;
      8) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы;
      9) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы;
      10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      11) аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
      12) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
      13) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы;
      14) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы;
      15) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
      16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
      17) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
      18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;
      19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
      20) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс;
      22) элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.
      3. Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын біліктілік талаптар мыналарды қамтиды:
      1) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінің екі жылдан кем емес болуы;
      2) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес олардың өндірісін жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы;
      3) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
      4) жалпы егіс алаңының 20 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
      5) тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін дақылдардың саны - 3-тен көп болмауы;
      6) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны - 3-тен көп болмауы;
      7) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым ендіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіруші шаруашылықпен жасалған шарттың болуы;
      8) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
      9) нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру агротехнологиясын сақтау;
      10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы;
      11) кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      12) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      13) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
      14) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының болуы;
      15) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
      16) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
      17) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаты, тұқымдардың куәлігі, тұқымдардың конденциялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеуге, тігуге, қолы қоюға тиіс) есеп жүргізу;
      18) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету.
      4. Тұқым өткізушілерге қойылатын біліктілік талаптар мыналарды қамтиды:
      1) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
      2) кейіннен сату үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқым жеткізушілер тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда) жыл сайын жасалатын шарттың болуы;
      3) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
      4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға не сенiмгерлiк басқаруға алынған мамандандырылған техниканың болуы;
      5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасының, өткізілетін тұқымның шыққан тегінің, тұқымды құжаттандырудың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы нөмірлеген, тігілген және қолы қойылған тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу;
      6) тұқымдарды сақтау және өткізу материалдарының кемінде үш жыл сақталуын қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасы қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатқан жағдайда "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегіЗаңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы;
      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы.

"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым 
өткізушілерді аттестаттау"  
мемлекеттік қызмет регламентіне
5-қосымша             

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) бірізділігі мен іс-әрекеттерінің сипаттамасы

      1-кесте ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
 
 

Басты үдерістің іс-әрекеті (жұмыс ағымы, барысы)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) нөмірі

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Құжаттар қабылдауға өкілетті "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің лауазымды тұлғасы

"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы (бастық немесе оның орынбасары)

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егіншілік бөлімінің бастығы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау

Хаттармен танысу, құрылымдық бөлімді анықтау

Хаттармен танысу, жауапты орындаушыны анықтау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)




5

Орындалу мерзімі

30 минут

2 сағат

1 сағат


      кестенің жалғасы
 
 

Басты үдерістің іс-әрекеті (жұмыс ағымы, барысы)

1

4

5

6

7

2

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жауапты орындаушысы

Бірегей, элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді сараптамалық комиссиясы

"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жауапты орындаушысы

Құжаттар тапсыруға өкілетті "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің лауазымды тұлғасы

3

Тұқым шаруашылығы заңына сәйкестігін, құжаттардың толықтығын анықтау

Тұтынушы мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хаттамалық шешім шығару

Мәртебе беру туралы қаулының немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаның жобасы


4



Мәртебе беру туралы қаулыны немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаны тіркеу

Тұтынушыға атестаттау туралы куәлікті немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаны беру, тұтынушының алғаны және растағаны туралы құжатқа қол қою

5

25 күнтізбелік күнге дейін

2 сағат

2 сағат

30 минут


      2-кесте. Баламалы вариант. Басты үдеріс.
 
 

1 топ ҚФБ
Құжаттар қабылдауға өкілетті "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің лауазымды тұлғасы

2 топ ҚФБ
"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы(бастық немесе оның орынбасары)

3 топ ҚФБ
"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі

N 1 іс-әрекет
Құжаттарды қабылдау, қолхат беру, өтінімді тіркеу, "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығына (бастық немесе оның орынбасары) жөнелту

N 2 іс-әрекет
Орындауға құрылымдық бөлімді анықтау, резолюция жазу

N 3 іс-әрекет
Тұқым туралы заңға сәйкестігін қарау, Бірегей, элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау комиссиясын құру


      кестенің жалғасы
 
 

4 топ ҚФБ
Бірегей, элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді сараптамалық комиссиясы

5 топ ҚФБ
"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жауапты орындаушысы

6 топ ҚФБ
Құжаттар тапсыруға өкілетті "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі кеңсесінің лауазымды тұлғасы

N 4 іс-әрекет
Құжаттарды зерделеу және орнына бару арқылы жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндірушілерге, элиталық тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеру актісін жасау, сараптамалық комиссиясының хаттама шешімін шығару

N 5 іс-әрекет
Мәртебе беру туралы қаулыны немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаны шығаруды қамтамасыз ету

N 6 іс-әрекет
Тұтынушыға атестаттау туралы куәлікті немесе дәлелді бас тарту туралы жазбаны беру, тұтынушының алғаны және растағаны туралы құжатқа қол қою


"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші,
екінші және үшінші репродукциядағы
тұқым өндірушілерді және тұқым 
өткізушілерді аттестаттау"   
мемлекеттік қызмет регламентіне
6-қосымша            


 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады