Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 76/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 ақпанда № 2533 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 27/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 18.04.2016 № 27/07 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
Б. Әбдішев

      

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 76/07 қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
      2. Осы Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында, әріптестері мен және азаматтармен өзара қарым-қатынастардағы негізгі мінез-құлқының нормаларын айқындайды.

2. ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының жалпы қағидалары

      3. ЖАО қызметшілері тиісті:
      1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
      2) қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға;
      3) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
      4) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға;
      5) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқаруға;
      6) мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануға, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      8) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға;
      10) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
      11) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      12) жоғары тұрған басшылар тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
      13) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
      14) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
      15) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға;
      16) іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге;
      17) қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
      18) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
      19) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
      20) кәсіпкерлік қызметпен айналыспауға.

3. ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің жеке және заңды тұлғалармен, әріптестерімен қарым-қатынастағы қызмет этикасының қағидалары

      4. Жеке және заңды тұлғалармен, әріптестерімен қарым-қатынаста ЖАО мемлекеттік қызметшілері тиісті:
      1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
      2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
      4) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
      5) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
      6) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
      7) лауазымдық өкiлеттiгiн қолдануда азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдаланбауға.

4. Басшы лауазымдар атқаратын ЖАО мемлекеттік
қызметшілері қызмет этикасының қағидалары

      5. ЖАО басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілері тиісті:
      1) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
      2) бағынышты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
      3) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
      4) бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге.

5. ЖАО мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мінез-құлқы

      6. ЖАО мемлекеттік қызметшілері тиісті:
      1) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге;
      2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге;
      3) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшыға дереу хабарлауға;
      4) мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануға;
      5) егер ЖАО мемлекеттік қызметшісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, ЖАО басшылығына жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
      6) өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы ЖАО басшылығына жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
      7) ЖАО мемлекеттік қызметшісіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс;
      8) басшылық ЖАО мемлекеттік қызметшісінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады