"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2014 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен, бұрын тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Ахановқа жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | С. Шайдаров |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарағанды облысы Жезқазған | |
қаласының қорғаныс істері | |
жөніндегі басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | С. Қасимов |