2014 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 2474 болып тіркелді. Шешімнің қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 4-15/1866 хаты).

      Ескерту. Шешімнің қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 25.12.2014 N 4-15/1866 хаты).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2014 жылғы қаңтарынан бастап наурызға дейін, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырсын.

      2. Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, пәтерлер меншік иелері кооперативтерінің басшыларына, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 1997 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін тапсыру ұсынылсын.

      3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.

      4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Алишев) 2014 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1997 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

Балқаш қаласының әкімі

Н. Аубакиров

КЕЛІСІЛДІ


"Қарағанды облысы Балқаш


қалалық қорғаныс істері


жөніндегі біріктірілген


бөлімі" республикалық мемлекеттік


мекемесінің бастығы


18 ноября 2013 жыл


Б.А. Алишев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады