Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қаңтарда № 2527 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi № 49-ө өкiмiне сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Д.Т. Камеловке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі                                 А. Аглиулин

Шахтинск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 36/2 қаулысымен
бекітілген

Коммуналдық меншiкке келiп түскен
қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және осы қағиданы басшылыққа алып пайдаланылады.

2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке
келіп түсу тәртібі

      3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсуi тапсыру-қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру-қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, "Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi – ауыл шаруашылық бөлiмi) және "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – экономика бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актiсiн экономика бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.
      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды қабылдау-беру актiсi негiзiнде теңгерiмге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.

3. Қалалық коммуналдық меншiкке келіп түскен
жануарларды пайдалану тәртібі

      5. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк заңды тұлғалардың балансына өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату;
      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
      6. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртібі

      7. Жануарлар қалалық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде ауыл шаруашылық бөлiмiмен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда - сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
      8. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      9. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.
      10. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен ауыл шаруашылық бөлiмi арасында жасалатын келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады