Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2513 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Талгат Ахметұлы Елубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Қобжанов

Бұкар жырау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 желтоқсан
№ 46/01 қаулысымен
бекітілген

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы қағиданы басшылыққа алып пайдаланылады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық
меншікке келіп түсу тәртібі

      3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі тиіс. Қабылдау-беру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - әкім), "Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ветеринария бөлімі), "Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру акті экономика және қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.
      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-беру актісі негізінде балансқа алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      5. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен экономика және қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
      6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарлар аудандық әкiмдiктiң қаулысымен тиiстi әкiмдердің аппараттарының балансына бекітіледі. Балансқа алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау-беру актiсiнің негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен
жануарларды пайдалану тәртібі

      7. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың балансына өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату;
      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
      8. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия (бұдан әрі - комиссия) шешеді.

5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

      9. Жануарлар аудандық коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол жергілекті атқарушы органның келісімі бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
      10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
      11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бурынғы меншік немесе өтеледі. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
      12. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен рәсімделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады