2013 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының XIV сессиясының 2013 жылғы 27 наурыздағы N 14/122 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 сәуірде N 2308 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 51 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2013 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. 2013 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына өтініш берген сәтіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      3. "Қарқаралы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

14 сессия төрағасы,
 
аудандық мәслихат
 
хатшысының міндетін атқарушы
Р. Смағұлов
Келісілді
 
"Қарқаралы ауданының экономика
 
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің бастығы
 
Б. Берниязов
 

      
      27 наурыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады