2013 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 наурызда N 2228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 07/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 28.02.2014 № 07/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеталды жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға  дейін екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жылдан аса).
      2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке жүктелсін.
      4. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы "2012 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-14-162 тіркелді, 2012 жылғы 17 наурыздағы N 10 "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) N 28/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады