Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы N 18 (251) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында "Приозерск қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін" сөздері "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін" сөздерімен ауыстырылсын, көрсетілген шешіммен бекітілген Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі" және "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне" деген сөздер "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ереже" және "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімнің 1-тармағында "Приозерск қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі" сөздері "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ереже" сөздерімен ауыстырылсын;
3) Ереженің 1 тармағының 4)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;";
4) Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.";
5) Ереженің 3-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегi Приозерск қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тiркелген отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметiне, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй ауданы нормасының шегiнде, бiрақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан, және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну, байланыс қызметтерi, сондай-ақ тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығындар нормативтерiнен көп емес, осы мақсаттарға шектi-жол берiлетiн шығыстар үлесiнен асатын болса берiледi.
Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуды, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын, сондай-ақ телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн төлеуге шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысына 8 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.";
6) Ереженің 14-тармағындағы "1 жыл мерзімге" деген сөздер "6 ай мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) Ереженің 18-тармағы келесі мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының түбiртек-шоты;";
8) Ереженің 21-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Кеңесов Ж.).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы Г. Мондыбаева
Маслихат хатшысы Б. Сәрсембеков