1997 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 желтоқсанда № 2470 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің 27.10.2014 № 7 шешімімен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi).

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2014 жылғы қаңтардан наурызға дейін 1997 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеу ұйымдастырылсын.
      2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
      3. Приозерск қаласы әкімінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 2 "1996 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
      5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қала әкiмi                                 Қ. Камзин

      КЕЛIСIЛДI

      Балқаш қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы майор
      Б.А. Алишев
      2013 жылғы 25 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады